АРЫСТА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру шеңберінде оқу-тәжірибелік семинары өтті. Аталған семинар ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
      Семинар барысында қатысушылардың толғандырған сауалдарына мамандар жауап беріп, өзара пікір алмасты.
      Шараға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, экономика және қаржы бөлімінің басшылары мен мамандары, және ауыл әкімдері қатысты.
     Жиында кіріспе сөз сөйлеген Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
      Ал, Арыс қалалық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Асанов
«Ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару» туралы егжей-тегжейлі айтты.
      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ жобасының сарапшысы Қанатбек Зертүймеев оқу-тәжірибелік семинарының маңыздылығына тоқталды.
       Ал, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұртасқан Әжіметов баяндама жасады. Ол Парламентке ұсынылған «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының жобасын семинар қатысушыларына баяндады.
       Бұдан бөлек, IV деңгейлі бюджеттің жоспарлануы мен орындалуы (соның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді әкімшілендіру) туралы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқарма басшысының орынбасары Күмісбек Еркінбекұлы баяндама жасады.
          Семинарда жоба жайында және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау шеңберінде кіріс базасын ұлғайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету сынды бірқатар мәселелер айтылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…
Толығырақ

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жиын өткізілді

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық…