Аудан прокуратурасы акция ұйымдастырды

Отырар ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясын Арыс ауылындағы Мансап орталығымен, Ш.Қалдаяқов ауылындағы Абай атындағы орта мектепте ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік уәкілетті органдардың өкілдері, кәсіби заңгерлер, сондай-ақ ауданның құқық қорғау және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелерді жедел және қолжетімді түрде түсіндіру, тұрғындардың өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімін кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар сұрақтар бойынша тиімді кері байланыс орнату болды.

Кездесу барысында аудан тұрғындары еңбек даулары, жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, әкімшілік құқықбұзушылықтар, отбасы-тұрмыстық құқық, пробация саласы, кәсіпкерлік мәселелері және өзге де құқықтық тақырыптар бойынша кеңес алды.

А. Расул.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әлімжеттілік абырой әпермейді

Полицейлер «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» бойынша оқушылармен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Полицейлер Түркістан облысы…
Толығырақ

Прокуратура ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған сотталғандармен ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылауда…