Медициналық көмекті алу тәртібі түсіндірілді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекова Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары М.Е. Мамбетовамен бірге Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» ШЖҚ МКК мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге Адамның және Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасы ретінде адам мен азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі құқықтық нормалар, медициналық көмекті алу тәртібі, пациенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пациенттермен этикалық қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

«Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тәжірибе барысында 1-курс студенттері…

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…