Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық семинар өтті

Еңбек адамының құқығын қорғау — қоғамның тұрақты дамуына жол ашатын негізгі құндылықтардың бірі. Қызметкердің өз құқығын білуі, заңды талаптарын дер кезінде қоя алуы – еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік әділдіктің кепілі. Осы мақсатты көздеген бастамалардың бірі ретінде «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқықтық семинар өткізілді. Бұл іс-шара еңбеккерлердің құқықтық мәдениетін көтеріп, күнделікті қызмет барысында жиі кездесетін мәселелерге сыни көзқараспен қарап, шешу жолдарын кәсіби тұрғыда меңгеруге бағытталады.

Семинар жұмысына «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі және бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысып, еңбек заңнамасы мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде жаңаша ақпарат алды.

Жиында Бердіғали Өмірәлі қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибеде жиі туындайтын қиындықтарды талқылап, құқықтық нормалардың қолданылу ерекшеліктеріне тоқталды.

Бұдан басқа кәсіподақ төрағасы өз сөзінде қызметкерлердің еңбек құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін, ұжымдық шарттың тиімділігін, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынасты реттеудің заңды механизмдерін кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар диалогтық форматта өткен семинар барысында қатысушылар нақты мысалдар негізінде талқылау жүргізіп, өз жұмыс орындарындағы жағдайларды салыстыра отырып, тәжірибелік кеңестер алды. Бұл өзара пікір алмасу еңбеккерлердің құқықтық ой-өрісін кеңейтіп, болашақта туындауы мүмкін жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді.

Қорытындысында, семинар, еңбек адамының мүддесін қорғауға арналған кәсіподақ қызметінің маңыздылығын айқындайтыны және қатысушылардың құқықтық сауатын арттыруға серпін беретіні айтылды.

Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…