Еңбек дауларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірдегі еңбек ұжымдарымен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясын жоспарлы жүзеге асыруда. Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау тетіктері, қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіподақпен байланысын күшейту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек дауларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылады.

Осы акция аясында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің мамандарымен арнайы кездесу өткізді.

Жиында Бердіғали Өмірәлі өз сөзінде кәсіподақтың негізгі мақсаты — қызметкерлердің мүддесін қорғап, олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Ол сонымен қатар орман және жануарлар әлемін қорғау саласында еңбек ететін мамандардың айрықша жауапкершілігін атап, олардың еңбегін қолдау — кәсіподақтың басты назарында екенін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесуде қызметкерлер тарапынан көтерілген сұрақтар да назардан тыс қалмады. Әлеуметтік пакет, еңбекақының уақтылы төленуі, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және кәсіби біліктілікті арттыру мүмкіндіктері жөнінде ұсыныстар айтылды. Төраға барлық ұсыныстардың қарастырылатынын және тиісті мекемелермен бірлесе шешілетінін мәлімдеді.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері кәсіподақ өкілдеріне ашық диалог үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мұндай кездесулердің тұрақты өткізілуіне қызығушылық танытты.

А.Мамыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

XII Республикалық Азаматтық форум

XII Азаматтық форумның алғашқы күнінде инклюзия, экология, цифрлық трансформация және азаматтық белсенділіктің дамуы сияқты маңызды бағыттағы панельдік сессиялар…
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…
Толығырақ

Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Ордабасы ауданында…