Әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап берілді

Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы еңбек адамының мәселесін дер кезінде тыңдап, оны шешуге бағытталған маңызды бастамаларын жүйелі түрде жалғастыруда. Осы мақсатта Сайрам ауданындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауды «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі өзі жүргізіп, әрбір азаматпен жеке сөйлесіп, олардың сауалы мен өтінішіне мұқият назар аударды.

Қоғамдық қабылдауға келген кәсіподақ мүшелері күнделікті жұмыс барысында туындайтын әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарын, еңбек ұжымдарындағы жағдай, еңбек шарттарының сақталуы, жалақыға қатысты мәселелер және ұжымдық шарт төңірегіндегі бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.

Өз кезегінде кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі барлық қойылған сауалдардың әрқайсына заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге аудан деңгейінде жедел шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті салалық құрылымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Қоғамдық қабылдау соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіре отырып, кәсіподақ тарапынан көрсетіліп отырған ашықтық, қолжетімділік және жедел қарым-қатынас принциптерін жоғары бағалады. Олар мұндай форматтағы кездесулердің еңбек адамын қолдауда ерекше маңызға ие екенін айтып, алғыстарын білдірді.

П. Ракым.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӘРТІП — ҚАТАҢ, ЗАҢ — ОРТАҚ

«Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспары негізінде «Адал азамат» жобасы аясында Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс…
Толығырақ

Сарыағашта тағы бір нысан ашылды

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық басқармасының ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай…
Толығырақ

Әскерилермен кездесу өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында әскери қызметкерлермен кездесу өтті» деп хабарлайды Түркістан…