Облыс балаларына арналған орталық ашылды

Түркістан облысында 14 жасқа дейінгі 774 мыңнан астам бала бар. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің экономикасы ең серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің біріне айналып, соңғы бес жылда облыс көлемінде 300-ден астам жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілген. Бүгіннің өзінде өңірімізде балаларды оңалтуға арналған 4 орталық және 3 «Қамқорлық» орталығы жұмыс жүргізеді. Осы орталықтар арқылы жыл басынан бері 14 мыңнан астам бала оңалту көмектерін алған.

Әлеуметтік бағыттағы бастамаларға «AMANAT» партиясы тарапынан да айрықша көңіл бөлініп отыр. Биылғы қыркүйекте партияның Сайлауалды бағдарламасы шеңберінде Ораңғай ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған «Шұғыла» оғалту орталығы ашылды. Түлкібас ауданында аутизм дертіне шалдыққан балаларды оңалтуға қызмет ететін орталық партия ықпалымен іске қосылды. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше балалардың әлеуметке бейімделуіне жағдай жасау, инклюзивті білім беруді кеңейту бағытында жүйелі шаралар қабылданып, іске асырылуда. Бұл саладағы жұмыстарымыз мемлекет саясатының өзегі саналатын әлеуметтік әділдікті нығайтуға қызмет етеді деген сенімдеміз.

Жуырда Түркістанда тағы бір балаларға арналған қалалық оңалту орталығының ашылу рәсімі өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында ашылған орталық мүмкіндігі шектеулі және арнайы күтімді қажет ететін балаларға кешенді көмек көрсетеді. Оның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және басқа да ресми өкілдер қатысты. Ғимараттың ерекшеліктерін «YDA HOLDING» компаниясының өкілдері таныстырды.

«Жобаның құны 2,7 млрд. теңгені құрайды. Ғимараттың жалпы аумағы 1,56 гектарды құрайды. Ғимараттың жалпы ауданы – 2 227,41 шаршы метр. Оңалту орталығы 40 тәуліктік және 20 амбулаторлы емханалық көмек көрсетеді. Жаңа орталық заманауи талаптарға сай жабдықталған және толық кешенді оңалту көмегін ұсынуға қауқарлы. Атап айтқанда, ортопедиялық және нейрохирургиялық оталардан кейінгі кезең, неврологиялық ауытқулар, кардиохирургиялық оталардан кейінгі кезең, орфандық ауруларды емдеуге арналған. Бұл – тек Түркістан қаласына ғана емес, бүкіл облыс балаларына арналған орталық.

«Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын қорғау, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне үнемі назар аударып келеді. Бұл бастамалар балалардың құқықтары, қауіпсіздігін, әлеуметтік-психикалық дамуы, өмір сүру жағдайы мен денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мәселелерін кешенді қамтамасыз етуге арналған. Балалар – біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мықты, мүмкіндіктері кең, өмір сапасы жоғары болуы – мемлекет үшін басты міндет. Сондықтан да бүгін іске қосылып отырған орталық, ең алдымен, ата-аналарға үміт сыйлайтын, балаларға жаңа мүмкіндік беретін маңызды мекеме болмақ. Мұнда балалар заманауи әдістермен ем алып, жоғары білікті мамандардың қолдауына ие болады» деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Түркістан өңірінің денсаулық сақтау саласында маңызды жобалар жалғасатынын жеткізді.

«Бұл орталық балаларымыздың денсаулығын жақсартуға, олардың даму мүмкіндіктерін кеңейтуге және өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Біздің ең басты мақсатымыз – облыстағы әрбір баланың бақытты өмір сүріп, сапалы медициналық қолдауға қол жеткізуіне мүмкіндік жасау, – деген Нұралхан Оралбайұлы осы маңызды нысанды салуға демеушілік көрсеткен «YDA HOLDING» компаниясына алғысын жеткізді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ӘКІМ КОНСУЛМЕН КЕЗДЕСТІ

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холманмен және танымал триатлон шебері, Ironman…