Отырарда тағы бір елді мекен ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде ауыз су жүйесін жүргізу мен имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды. Нысанның құрылыс жұмыстары «Exclusive Project company» ЖШС-і мекемесі тарапынан жүргізілген. Жобаға сәйкес, 11 560 метр су құбыры жүргізіліп, 65-ке жуық отбасы ауыз сумен қамтылды. Құрылыс нысанында 1250м (2 дана) су ұңғымасы қазылып, су сорғы станциясының имараты салынған. Аталған нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып отыр.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, Отырар ауданының прокуроры Әмір Қабдырахманов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Айта кетсек, бүгінде аудандағы 38 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жиын өткізілді

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық…

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…