Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл заңға сәйкес кешеден бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Яғни жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді.

Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге, жеңілдетілген несие алу және басқа игіліктерге ие болады.

Сонымен қатар, жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман және жастардың еңбек жасағы ұғымдары ресми түрде қолданылады.

Жанат Қапалбаева

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қарызын өтемегендер анықталды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша полицейлер «Борышкер» іс-шарасы барысында қарызын өтемеген 40 тұрғынды анықтаған. «Түркістан қалалық Полиция…

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…