Түркістан облысында ірі электр станциялары салынуда

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өтті. Өңірімізге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүрміз. Аталған мәселені шешу үшін маңызды жобаларды қолға алдық. Сонымен бірге күн, су және жел электр станцияларын көбейту бағытында да инвесторлармен келіссөздер жүргізілді, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі «Самұрық-Қазына» қорының көмегімен Сайрам ауданында қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ станциясының құрылысы басталғанын хабарлайды. Жоба құны – 800 млрд. теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина станциясы салынады. Жалпы құны – 155 млрд. теңге. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарланған. Түлкібас ауданында 320 МВт болатын бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт болатын 2 күн электр станциясының жобалары әзірленуде. Іске асыру мерзімі – 2025-2027 жылдар.

«Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр станциясының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі – 2026-2028 жылдар. Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн. теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде өңір жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Е.Еркін.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология…
Толығырақ

Азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары…