Балалар абақтыны аралады

Полицейлер оқушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметімен таныстырды. Бұл туралы  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Сайрам ауданы полиция басқармасының бастамасымен мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша аталмыш іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында заңға құрмет сезімін қалыптастыру және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында өткен.

«Шара барысында 100-ге жуық оқушы уақытша ұстау изоляторының қызметімен танысты.

Таныстыру кезінде полиция қызметкерлері изолятордың атқаратын міндеттері, ішкі тәртіп талаптары мен азаматтарды ұстаудың заңды негіздері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жасөспірімдерге құқық бұзушылық жасаудың салдары, заң алдындағы жауапкершілік пен тәртіп сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Р. Расул.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts