Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік басты назарда

Шардара ауданы полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, Бағланбек Айтпаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Елшібаев пен полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Есептік жиын барысында аудан аумағындағы қылмыстық ахуалға талдау жасалып, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тіркелген қылмыстардың 25,3 пайызға азайғаны атап өтілді.

Сондай-ақ, ауыр қылмыстардың саны 45,7% пайызды құрағаны, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстардың 36 деректен 13 дерекке дейін төмендегені айтылды.

Жиын қорытындысында полиция бөлімінің жеке құрамына алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер жүктеліп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…