Полицейлер отбасылық құндылықтарды дәріптеген сурет байқауын өткізді

Кентау қаласы Полиция бөлімінде қызметкерлердің жасөспірім балалары арасында «Менің әкем, анам – мақтанышым» тақырыбында сурет салудан шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – балалардың бойында отбасылық құндылықтарды, ата-анаға деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шараға полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы, ардагер Бимахан Танкибаев пен жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары Сапархан Апашов қатысып, жас өнерпаздардың еңбегіне жоғары баға берді. Қатысушылар ата-аналарына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы әсерлі жеткізді.

Шара соңында барлық балаларға алғыс айтылып, ақ тілектер жолданды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жасөспірімдердің отансүйгіштік рухын арттыруға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанның экономикасы дамып келеді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен өткізген мәжілісінде жетекшілік ететін салаларының басшыларымен бірге орындаушылық тәртіпті талдап,…