Тәртіп сақшыларының жетістігі: 2025 жылы қылмыс азайды

«Сауран аудандық полиция бөлімінде 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел-кеңес өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев төрағалық етті» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жиында бөлім басшылары өз салалары бойынша есеп беріп, нәтижесінде Сауран ауданында қылмыс азайып, қылмыстың ашылуы 92,2 пайызға жеткені мәлімделді.

Кеңес қорытындысында профилактикалық шараларды күшейту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін арттыру басты міндет ретінде белгіленді.

Кеңес барысында Ғалымжан Қуашбаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің және облыстық полиция басшылығының тапсырмаларын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заңын халыққа кеңінен түсіндірудің маңызын атап өтті.

Президенттің бұл заңының басты мақсаты – қылмыс жасалмай тұрып оның алдын алу. Яғни полиция тек заң бұзылғаннан кейін емес, құқықбұзушылыққа апаратын себептерді ертерек анықтап, тұрғындармен ашық жұмыс жүргізуі тиіс.

«Осыған байланысты полицейлерге ауыл-аймақты жиі аралап, тұрғындармен кездесулер өткізу, жастарға заң талаптарын түсіндіру, отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу тапсырылды.

«Адал полицей» жобасы аясында адалдық пен ашықтыққа бағытталған жұмыстар жалғасатыны да айтылды дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысындағы…
Толығырақ

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара өткізді

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасы қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері…