Қазығұртта рейд жүргізілді

Түркістан облысында полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Осы орайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданы аумағында рейдтік-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазығұрт ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Нарбаев атап өткендей, мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде полиция жолдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтарды қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

«Рейд барысында полиция қызметкерлері 76 құқық бұзушылықты анықтады, олар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде айыптұраққа 7 көлік құралы қойылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары 100-ден астам жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолдардағы қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жүргізді» делінген баспасөз хабарламасында.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан қаласында абаттандыру қағидасын бұзған 582 азаматқа шара көрілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері…

Профилактикалық дәріс оқылды

«Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. «Қауіпсіз балалық…