Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Интернет алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты аудан прокуратурасы тарапынан алдын алу шаралары күшейтілуде. Осы орайда аудан прокуратурасының аға прокуроры Мақсат Абдукаримов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында интернет алаяқтықтың алдын алу, құқықбұзушылықтардың жолын кесу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Прокурор полиция қызметкерлеріне профилактикалық жұмыстарды күшейту, тұрғындармен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы халыққа уақтылы ақпарат беріп отыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура және полиция қызметкерлері бірлесіп аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға интернет алаяқтықтың негізгі түрлері, күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақтану жолдары, жеке деректерді қорғау және алаяқтық фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да құқықбұзушылықтардың, оның ішінде интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түнгі рейдтер: жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға арналған іс-шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы…
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…
Толығырақ

Полицейлер буллингтен қорғану, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары №9 А.Байтұрсынов атындағы білім беру мекемесінде оқушылармен…