Сарыағашта банан өседі

Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтамақ елді мекенінде бүгінде әлемдегі ең танымал банан сұрпы – «Кавендиш» мәуізі пісіп-жетіліп тұр. Экзотикалық жеміс егілген жылыжай аумағы 10 соттық жерді қамтиды. Банан көшеттерін жергілікті кәсіпкер Шамс Тұрсынбаев 2019 жылы Түркия елінен арнайы алдыртып, Сарыағаш өңірінің табиғи ерекшелігіне бейімдеген.

Айта кетсек, жылыжайда бананнан бөлек папайя, лимон, апельсин, мандарин, кофе және питайя секілді экзотикалық жемістерді жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өсімдіктер жылыжай жағдайында өсірілгендіктен, оларға қажетті температура мен ылғалдылық тұрақты түрде сақталады. Соның нәтижесінде алынған өнім экологиялық таза әрі сапалы болып келеді.

Шамс Тұрсынбаев жылыжай шаруашылығымен 1995 жылдан бері айналысып келеді. Ұзақ жылдар бойы қызанақ, қияр секілді көкөніс өнімдерін өндіріп келген кәсіпкер 2019 жылдан бастап тропикалық жемістерді өсіруге басымдық берген. Алғашқы кезеңде банан өсімдігі бірден жерсіне қоймағанымен, жүйелі күтім мен қолайлы жағдайдың нәтижесінде бүгінде толықтай бейімделген. Жапырақтарының биіктігі 3 метрге, ал сабағының биіктігі 10 метрге дейін жететін «Кавендиш» банан сұрпы қазіргі таңда мол өнім беріп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бастамадағы басты мақсат – «шыбық ексең, шынар өсетін» Сарыағаш топырағының кез келген өнімге қолайлы екенін дәлелдеу және агроөнеркәсіп саласын дамыту.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіндегі жылыжай шаруашылығының тынысымен танысып, экзотикалық жемістер өсірумен айналысып отырған жергілікті кәсіпкердің еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, аталған бастаманың өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретінін атап өтті. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жергілікті нарыққа ұсынуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанның экономикасы дамып келеді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен өткізген мәжілісінде жетекшілік ететін салаларының басшыларымен бірге орындаушылық тәртіпті талдап,…
Толығырақ

ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ

Отырар – қазақ руханиятының алтын бесігі, өркениет пен мәдениеттің мәңгілік мекені. Биыл бұл қасиетті өлке – Отырар ауданына…
Толығырақ

САЛЫҚ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Түркістан облысының Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізілді. Жиынға Мемлекеттік…