Түркістан облысында кірістер көлемі артқан

«Түркістан облысында өзіндік кірістер мен түсімдер көлемі артты» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Әжіметованың айтуынша, өзіндік кірістердің өсу қарқыны 119% немесе түсімдер 48 млрд теңгеге артығымен қамтамасыз етілді (2024 жылы – 253,1 млрд теңге, 2025 жылы – 301 млрд теңге). Облыстық бюджеттің орындалуына келетін болсақ, жоспар 109% немесе 11,3 млрд теңгеге артығымен орындалды. Жоспар 129,6 млрд теңге деп бекітілсе, нақты түсім 140,8 млрд теңгеге жетті. Облыстық бюджеттің түсімдері 24% немесе 27 млрд теңгеге артып, 140,8 млрд теңгеге жетіп отыр. 2025 жыл қорытындысымен 5 454 корпоративтік табыс салығының төлеушілері есебінен түсімдер 18 млрд теңгеге артып, 47,5 млрд теңгеге жеткен.

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста да бюджеттің атқарылуы мен осы саладағы өзекті мәселелер мен жоспарлар  талқыланды. – 2025 жыл қорытындысымен өзіндік кірістер мен салықтардың жоспары орындалғанымен, кейбір аудандар орындамай отыр. Корпоративтік табыс салығы түсімдері бойынша да мәселелер бар. Назарға алыңыздар. Бюджет кірістерінің әрбір көзін сапалы орындауды, бюджет қаражатын мерзімінде әрі сапалы игеруді тапсырамын. Өзіндік кіріс көздерін ұлғайту керек. Инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейту бағытындағы жұмысты ширата түскен жөн, – деді Нұралхан Көшеров.

Өңір басшысы облыстың негізгі бағыттары – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын көбейту арқылы өзіндік кірісті арттыру екенін жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2025 жылдың қорытындысымен өзіндік кірістердің жоспары 109%-ға немесе 25,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Жоспар 275,2 млрд теңге болса, нақты түсім 301 млрд теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 107% немесе 16,8 млрд теңгеге артық орындалып отыр. Жоспар 230,3 млрд теңге болса, нақты түсім – 247,1 млрд теңге.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts