Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің» мәжіліс залында кәсіподақ мүшелеріне «Кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздері мен кепілдіктері», «Еңбек дауларын шешудің құқықтық аспектілері», «Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі» тақырыптарында семинар өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтар егжей-тегжейлі түсіндіріліп, кәсіподақ мүшелері оларды өз қызметінде қалай қолдануға болатыны жөнінде кеңестер алды. Кәсіподақтардың заңды құқықтарын жүзеге асыруда еңбек заңнамасының кепілдіктерін тиімді пайдалану, құқықтық көмек көрсету, кеңес беру және дауларды шешудің жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, төраға орынбасары кәсіподақтардың жұмысшылар құқығын қорғаудағы маңыздылығын атап өтіп, «Құқықтық көмек көрсету — біздің басты міндетіміз. Әрбір кәсіподақ мүшесі өз құқығын білсе және оны дұрыс пайдалана алса, біз жұмысшылардың мүддесін барынша қорғауға мүмкіндік аламыз. Семинардың басты мақсаты да осы — жұмысшыларға құқықтық білім беру және олардың құқықтарын қорғау жолдарын көрсету» — деді.

Семинар соңы ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық әрі нақты жауаптарын алды.

 Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ЛОГИСТИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЖАНДАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі…
Толығырақ

Заңды процестік шешім қабылданды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және…