Кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысындағы тігін цехтарының бірінде өндіріс қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстырымен танысу, олардың қызметінің тиімділігін арттыру және жұмысшылардың құқықтарын қорғау жолдарын көрсету болды.

Кездесу барысында Бердіғали Өмірәлі жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақтың рөлі ерекше екенін атап өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырудың маңыздылығын айтты. Ол сондай-ақ, кәсіподақ мүшелеріне заңдық кеңестер беріп, олардың еңбек құқығын қорғаудағы мүмкіндіктерін түсіндірді.

Сонымен қатар жиында еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жұмыс орнында жазатайым оқиғалардың алдын-алу жолдары да қарастырылды.

Кездесу соңында қызметкерлер ұйымдастырылған шара үшін өз ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің өзара түсіністік пен әріптестікті нығайтуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

 Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында білім саласын дамыту, ұстаздардың біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен мектептердің материалдық…
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…
Толығырақ

Заңды процестік шешім қабылданды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және…
Толығырақ

Тепло сердец – детям

Коллектив КГУ «Молодёжный ресурсный центр» акимата Байдибекского района при спонсорской поддержке акима села Шаян Жамбыла Корикбаева, предпринимателей района…