Қауіпсіз нотариат: цифрландыру, әдеп және заң талаптары

Түркістан облысының Әділет департаментімен, нотариустардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерін әрі қарай сату мақсатында заңсыз пайдалану/беру фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынуын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2025 жылғы 27 қарашадағы № 697 бұйрығымен қабылданған «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында нотариустармен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте нотариустарға ақпараттандыру, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық цифрлық қолтаңба туралы және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларын, содай ақ нотариустардың әдеп кодексін қатаң сақтауды қамтамасыз ету түсіндірілді.

Сонымен қатар, нотариаттық іс-әрекеттерді қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсыну бөлігіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Түркістан Облысының Әділет Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан: КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді…