Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының ғимаратында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мәселесі, заң көмегін көрсететін адвокаттарды тарту және сот және тергеу тарапынан жолданған сұрау салуына адвокат дер кезінде қабылдау жөнінде семинар өткізілді.
Семинарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі, Түркістан облысының Полиция департаментінің өкілі және Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
Іс-шарада «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінің функционалдары арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде адвокатты тағайындау барысында туындайтын кемшіліктерді жою және оларды шешу жолдары талқыланды.