Сот ана мен баланың құқықтарын қорғады

Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіріп, ана мен баланың құқықтарын қорғау туралы маңызды шешім қабылдады.
Жас ана әлеуметтік төлем тағайындаудан бірнеше рет бас тартуға ұшыраған.
Мемлекеттік орган төлемдерді жұмыс беруші жіберген қателіктермен байланыстырып, баланы күтуге арналған әлеуметтік көмектен айырмақ болған.
Сот істі жан-жақты зерттеп, негізгі қағидатты нақты айтты: жұмыс берушінің кемшіліктері үшін ана мен бала жапа шекпеуі тиіс.
— Анасының нақты жұмыс істегені дәлелденді;
— Әлеуметтік және зейнетақы аударымдары төленген;
— Баланың туғаны заңды түрде расталған;
— Осыған байланысты сот мемлекеттік органның бас тартуын заңсыз деп танып, бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындауды міндеттеді.
Шешім заңды күшіне 6 қаңтар 2026 жылы енді.
Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары…
Толығырақ

Азаматтарға арналған Үкімет

Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет»…