«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Арыс ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық прокуратура жанынан құрылған жұмысшы топтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүргені анықталып, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жалпы тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз тұрғын үйінен тыс жерде болуы түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жағдайлардың орын алуына себеп болып отыр.
Осыған байланысты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тек құқық қорғау және білім беру ұйымдарының қатысуымен ғана шектелмей, ата-аналардың да жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Ата-аналар бала тәрбиесіне бейжай қарамай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіруге ерекше көңіл бөлгені жөн.
Аталған бағыттағы рейдтік және алдын алу шаралары алдағы уақытта да аудан аумағында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі