Сауранда «Лудомания — қоғам дерті» атты форум өтті

Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Лудомания — қоғам дерті» атты форум өтті. Аталған шараның басты мақсаты — құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастарға тигізер зиянын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар, дін өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен сала мамандары қатысты. Форум жұмысына Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков модераторлық жасап, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен орнықтыру — бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін айтты.

Форумда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, ауданның бас имамы Еркін Полатов, психолог мамандар, спорт саласының өкілдері қатысты.

Форум барысында ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов ұлттық тәрбиенің, үлкеннің ақылы мен батасының қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов заңнамалық тұрғыда лудоманиямен күрес шаралары жөнінде пікір білдірді. Ауданның бас имамы Еркін Полатов дін тұрғысынан құмар ойындардың зиянын түсіндіріп, рухани құндылықтарды сақтауға шақырды. Психолог мамандар Мұхтар Шильдерханов пен Фатима Туғанбаева лудоманияға тәуелділіктің психологиялық себептері мен одан шығу жолдары туралы тренинг өткізді.

Сондай-ақ, чемпиондар Айдарбек Тоқтарбек пен Мадхия Усманова жастарды спортқа, тәртіп пен еңбекке шақырды.

Мәдениет қызметкерлері лудоманияның зардаптарын бейнелейтін тағылымды сахналық көрініс ұсынды. Көрініс көрермендерге терең ой салып, құмар ойынның адам тағдырына тигізер кері әсерін әсерлі түрде жеткізді. Шара барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар лудоманияның алдын алуға, жастардың санасын сергек етуге бағытталды.

Habarlike.kz/

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан: КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді…
Толығырақ

Қазығұрттағы қызықты сайыс

«Қазығұрт ауданында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұлықтап, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоу сайысы өтті» деп…
Толығырақ

Азаматтарға арналған Үкімет

Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет»…