1 гектар аумақта тұқымбақ ұйымдастырылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес ауданда көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында 1 гектар жерге тұқымбақ ұйымдастырылды. Бұл таралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жетісай қызмет» мекемесінің теңгеріміндегі аталмыш тұқымбақта бүгінде көшет егу және оларды күтіп-баптау жұмыстары мекеме қызметкерлерінің өз күшімен жүргізілуде.

Тұқымбақта емен, айлант, үйеңкі, катальпа және акация, көк терек, ақ терек, мырза терек, ива, келінтал мен жиде секілді әртүрлі ағаш пен сәндік көшеттердің 65 мыңға жуық данасы дәнмен, қаламсаппен отырғызылып, олардың өсуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдағы уақытта тұқымбақта өсірілген көшеттер аудан көшелеріне, әлеуметтік нысандар аумағына және қоғамдық орындарға отырғызылады. Бұл өз кезегінде ауданның көркін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етпек.

Алдағы уақытта аудан аумағын көгалдандыруға қажетті сапалы көшеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұқымбақтың жұмысымен арнайы танысқан аудан әкімі Серік Мамытов егілген көшеттердің жай-күйін көрді. Атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тұқымбақты тиімді пайдалану, көшеттердің сапасын арттыру және оларды сақтау мәселелеріне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастаманың ауданның экологиялық жағдайын жақсартуда және жасыл желек көлемін арттыруда маңызы зор екендігін айтты.

Х. Ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өңірлерде жанармай жетіспейді

 Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық…
Толығырақ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол…