Сайрамдағы серпінді жұмыстар

Сайрам ауданында биыл құны 161,2 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Сайрам ауданында 2025 жылға негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 170 млрд теңге болып жоспарланған» дейді баспасөз қызметі.

Биыл аудан аумағында жалпы құны 161,2 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2 408 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін болады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 181,5 млрд теңгеге жетіп, жылдық жоспардан 11,5 млрд теңгеге немесе 6,8 пайызға артық орындалды.

Былтыр аудан көлемінде 16 инвестициялық жоба іске қосылып, 570 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында – 4 жоба, ауыл шаруашылығы саласында – 3 жоба, шағын және орта кәсіпкерлік саласында 6 жоба.

Х. Ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. «Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан…
Толығырақ

Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…