Алматыда коммуналдық қызмет қар тазалау жұмыстарын күшейтілген режимде, тәулік бойы жүргізіп жатыр.
Қар тазалау жұмыстарына 75 жедел бригада, 2710 жол қызметкері және 1225 арнайы техника жұмылдырылған. Қаланың магистральдық көшелерінде 203 аралас жол техникасы тартылған. Түнгі сағат 01:00–ден бастап жол-патрульдік полицияның бақылауымен 26 колонна қарды жол жиегіне ысыру жұмыстарына кіріскен.
Габаритті техника тротуарлар мен қоғамдық кеңістіктерді, аялдамалар, жерасты және жерүсті өткелдерін, баспалдақтар мен пандустарды жұмысшылар тазалап жатыр.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге мұзға қарсы материалдар себілген.
«Қала көшелері мен жолдардың жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қар толық тоқтап, ауа райы тұрақталғанға дейін жұмыс үздіксіз жалғасады» деп хабарлады ведомстводан.
habarlike.kz