Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді.
Жеке және заңды тұлғалар немесе олардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.
«Сот кабинетіне» тіркелу ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.
«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» тіркелу рәсімінен өткеннен кейін:
1) талап арызбен;
2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;
3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;
4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Сотқа ұсыну үшін арыз мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал)
Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.
Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.
Қазіргі таңда Арыс аудандық сотына, заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады.
Арыс аудандық аудандық сотының жетекші маманы Н.Серикбаев.
Related Posts
Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді
Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Бұл…
Асқар Жалдинов «5:32» сериалы бойынша сотта жеңіп шықты
«Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы» кітабының авторы Асқар Жалдинов пен «5:32»…
ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Жaңалықтар мақалаларының жанры терең журналистік зерттеулерден бастап қарапайым парақшаларға дейін ауқымды кеңістікті құрайды. Әр түрлі типтегі…
1 сәуірден бастап елімізде қандай заңнамалық өзгерістер күшіне енеді
2023 жылғы сәуірден бастап еліміздегі бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді. Мәселен, 1 сәуірден «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы»…