ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысында жыл басынан күдікті ошақтардан жағдай тіркеліп, оның ішінде 2285 науқасқа «қызылша» диагнозы қойылған. Зертханалық дәлелденген бұл көрсеткіштің ішінде 1937-сі 14 жасқа дейінгілер. Жалпы өңірде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
– Бұл жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау өңірімізде белсенді жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде еліміз бойынша үшінші орында тұрмыз. Десе де өңірдің кей аудан, қалаларында вакцинациялау көрсеткіші әлі де жұмысты күшейтуді талап етіп отыр. Жалпы бір жасқа дейінгі науқастар қатарында қызылшаға қарсы егу алудан бас тартқандары да бар. Кейбір науқастарда денсаулық жағдайына байланысты медициналық шегерім болса, кейбірінде егуі туралы құжаттық мәлімет болмаған. Қалған науқастар қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы егілуде – деген облыс әкімінің орынбасары аудан, қалалардағы жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, алдын алу бойынша тиісті жұмыстарға мұқият қарауға міндеттеді. Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 Қаулысына сәйкес, қызылша ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпидемиологиялық маусым кезеңінде халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес медициналық ұйымдар арасында мониторинг жүргізілді. Емханалар, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік акушерлік пункт, қойма деңгейінде тиісті медицина ұйымдарының мамандарымен бірлесе зерделенді.
Айта кетейік, Түркістан облысында медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын саны 625 еді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша 407 төсек-орын ашылып жалпы 1 032-ге жетіп отыр. Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6 қарашадан (6 айдан – 10 ай 29 күн) және 5 желтоқсаннан (2-4 жас аралығындағы балалар мен медицина қызметкерлер) басталған қосымша жаппай иммундау науқанында жалпы екпе алғандар саны 150 552 адамға жетіп отыр. Қосымша жаппай имммундау жұмыстары жалғасуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts