Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Бұл сапардың негізгі мақсаты – тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы жұмыс күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Tomas Zimmerman, Frankfurt қаласында тәжірибе алмасу бағытында әлемде 148 елде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді.
Семинардың екінші жартысында «Mercedes» маркалы көліктерді шығаратын тарихы 1900 жылдан бастау алған күніне 475 жүк көлігін жинайтын зауытқа барды. Аталған компания автокөліктерден басқа, кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысады. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі – компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылған.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз практика, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алуда.
Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екені анық.
Related Posts
Мекен-жайынан адасқан Түркиядан келген туристке полиция көмектесті
Түркия елінен келген шетелдік Али есімді азамат Түркістан облысы полициясынан көмек сұрады. Оның айтуынша қонақ үйге орналасқан мекен-жайынан…
«Болашақ» бағдарламасы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілмек
2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат…
Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады
Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі…
«Астана» Қазақстан Суперкубогының иегері
Төрешінің ысқырығы шалына салысымен шабуылды үдеткен алаң иелері ақыры дегеніне жетіп. 8 ші минутта Аманович Мұхамеджан Сейсен қорғаған…