Биыл мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен экономика өсіміне қол жеткізілді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған. Экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия өнеркәсібі (8,4 пайыз), сондай-ақ ақпарат және байланыс (5,3 пайыз) салаларында өсім байқалған.

Биыл экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілді. Соған қарамастан мұнайды игерудің болжамды көрсеткішінің орындалмауы экономика дамуының жалпы қарқынына әсер етті.

Мемлекет басшысына отандық өндірушілерді қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, өңделген тауар экспорты 10,2 пайызға өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Тауар импортының көрсеткіші 3,3 пайызға кеміген.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайызға ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда айтарлықтай өсім бар.

Президентке іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспары таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Еске салсақ, осыған дейін бірқатар мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.

Айнұр Тумакбаева.

kaz.inform.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өңірлерде жанармай жетіспейді

 Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық…
Толығырақ

Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…