ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.
Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілді.
Мәслихаттары депутаттарының жиналысы қорытындысына сәйкес, ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Облыс активімен кездесуде Премьер-министр Олжас Бектенов Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Премьер-министр өңір активіне жаңа әкімді таныстыра келе, Мемлекет басшысының облыс басшылығы алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтылған экономиканы нығайту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсаты аясында, басым бағыттар қатарында экономиканы әртараптандыру және өнімді жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кластерлік өндіріске көшу, «TURAN» АЭА мен өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті ашу және АӨК дамуын арттыру мәселелері атап өтілді. Халықты қолжетімді әрі сапалы ауыз сумен және азық-түлік өнімдерінің тұрақты бағасын қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Облыс орталығы – Түркістанның тарихи әрі рухани маңыздылығын ескере отырып, мәдени мұраны сақтауға және түркі әлемінің бауырлас халықтары арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өңірлерде жанармай жетіспейді

 Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық…
Толығырақ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол…
Толығырақ

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі…