Түркістан «КИнЭС» рекордтар кітабына енуге ниетті

Өңірде 2,5 тонна наурыз көже дайындалады.

Биылғы туристік маусым «Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы» тақырыбында өтеді. Бұл шара өңірдің туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс шаралар барысында «Jana lep» шығармашылық ұжымы, «Самғау» би ансамблі, DJ Shamil және өзге де өнерпаздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, от шоуы, сиқыршылар қойылымы, барабан шоуы және поэзия кештері өтеді. 2,5 тонна наурыз көже дайындалып, Қазақстанның «КИнЭС» рекорды жаңартылмақ. Сонымен қатар, Орта Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілердің қатысуымен республикалық туристік форумы ұйымдастырылады.

— Биыл Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заң қабылданды. Бұл құжат — қаланың халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналуына үлкен мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, өңірге келетін туристер санын арттырып, Түркістанның мәдени және рухани мұрасын кеңінен насихаттайтын боламыз, — деді Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында жасы 100-ден асқан қанша ана бар екенін жазған болатынбыз.

Қайрат Зайнишев
kaz.inform.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Иранда кедейлік ушығып барады

Халықаралық санкциялар күшейген сайын Ирандағы теңсіздік пен кедейлік ушығып барады. Бұл туралы Donya-ye-Eghtesad газетінде жарияланды, деп хабарлайды Report. Басылым…
Толығырақ

АЗАМАТТАР ӨЗ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп,…