МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысқан жиында көптеген мәселелер қаралды.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Оңалту жұмыстарының барысы», «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының нәтижесі», «Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елдімекеніне қатысты мәселелер», «2025 жылдың ІІІ-ші тосанында ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы» мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Мәжіліс соңында, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша биыл облыс әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 19 мәжілісі өткізілді. Сондай-ақ облыстық деңгейде 3 семинар және «Терроризмге жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылған.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Келісімге қол қойылды

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл облыста 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған.…
Толығырақ

Заңды процестік шешім қабылданды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және…