«Судьяның эмоционалды интеллектісі мен шешендік өнері» тақырыбында тренинг өтті

Түркістан облыстық сотында «Судьяның эмоционалды интеллектісі мен шешендік өнері» тақырыбында оқыту тренингі өтті. Оқыту барысында судьялар мен судья тағылымгерлері эмоционалды интеллект негіздерін, күйзеліс жағдайларында бейтараптықты сақтаудың тәсілдерін меңгерді, сенімді және нанымды көпшілік алдында сөз сөйлеудің тәжірибесін үйренді. Соның ішінде көзқарас арқылы байланыс орнату, қимыл- қозғалыстарды, дауыс пен интонацияны қолдану дағдыларын пысықтады, күрделі сұрақтарға дұрыс жауап беру және сөзді мәдениетті түрде бөлу машықтарын жетілдірді, сондай-ақ, күрделі ұғымдарды түсіндіру үшін «қарапайым әрі қолжетімді тіл» қолдануды үйренді, рөлдік ойындар мен жаттығулар арқылы тәжірибелік машықтар жинақтады.
Қатысудың нәтижесінде судьялар мен тағылымгерлер дауыс пен эмоцияны басқару құралдарын қалыптастырды, сөзді анық әрі қисынды құрастыру қабілетін дамытты, күрделі және даулы жағдайларда өзіне сенімділігін арттырды, сондай-ақ жеке имиджі мен беделін нығайтты.
Мұндай іс-шаралар сот жүйесінің кәсіби мәдениеті мен жұмыс тиімділігін арттыруға, қоғамның сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға, судьяларға сот залында конструктивті диалог орнатуға көмектесіп, корпоративтік рухты күшейтеді.
Әсерлерімен бөліскен судьялар материалды кәсіби әрі шебер жеткізген тренер Салтанат Қашағановаға алғыс білдіріп, ешбір қатысушы бейжай қалдырмағанын атап өтті.
Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…
Толығырақ

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бәйдібек ауданы көлемінде есепте тұрған тұлғалар тексерілді

«Бәйдібек ауданы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында аудан учаскелік полиция инспекторлары мен прокуроры өздеріне бекітілген…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…