Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі мәселе мекемеаралық мәжілісте қаралды.

Мәжілісте талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар мен олардың себептері, сондай-ақ тергеп-тексерудің заңдылығы мен мүдделі органдардың профилактикалық жұмыстары талқыланды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру жағдайы бойынша жаңа ұсыныстар мен тәсілдер назарға алынды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, бірқатар ұсыныстар мақұлданды.

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау облыс прокуратурасының басты бағыттарының бірі болып табылады.

***

Сондай-ақ, осы аптада Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен жер заңнамасының сақталуы жөніндегі мәселе алқа мәжілісінде қаралды.

Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарға назар аударылды.

Соңғы 3 жыл ішінде (2023-2025жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан астам (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды.

Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.

Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған.

Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді.

Жер заңнамасының сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Хабар-like ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Талапкерлердің талап арызын бітімгершілікпен аяқтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…