Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология Кодексіне және өзге де заңнамалық нормативтік Актілерге сәйкес жүргізеді.

Департамент, Экологиялық реттеу, бақылау және зертханалық талдамалы бақылау бөлімдерінен тұрады.

Экологиялық реттеу бөлімі.

Көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау бойынша жыл басынан бері 324 өтінім қаралды. Оның 115 — не қорытынды берілді, (24 — ҚОӘБ есебі, 91 – қысқартылған тәртібі ), 143 өтінім Экологиялық кодекстің 1 қосымшасында қарастырылмағандықтан, скринингке жатпайтындығы жөнінде түсіндірмелер берілді. Тапсырыс берушімен алынғаны 45, қарауда – 21 өтінім.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелеріне қорытынды беру қызметі бойынша 40 жобалық құжаттама қаралып, 22 ( оң – 18,теріс — 4) өтінімге қорытынды берілді. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келмеу себебінен кері қайтарылғаны – 14, қазіргі таңда – 4 өтінім қаралуда.

І санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат беру бойынша барлығы 62 өтінім қаралды, оның ішінде әсер етуге 31 экологиялық рұқсат берілді, 5 өтінім кері қайтарылып, өтінім берушімен алынғаны – 15, Ал 11 – өтінім қаралуда.

Мемлекеттік экологиялық бақылау саласы бойынша.

Департамент 2025 жылдың 9 айлық қорытындысына сәйкес, табиғат пайдаланушылар объектілерінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуына 62 тексеру жүргізді.

Оның ішінде: субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау – 26

Арыз-шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер – 36.

Сондай-ақ, Департамент ағымдағы жылы ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің негізінде субъектіге (объектіге) бармай 195 профилактикалық бақылау жүргізді.

Бақылау нәтижесімен жеке және заңды тұлғаларға экологиялық бұзушылықтарды жою туралы 133 нұсқама берілді.

Оның ішінде 103 нұсқама орындалды. Қалған нұсқамалар орындалу сатысында (орындау мерзімдері өтпеген).

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 694 әкімшілік іс қозғалып, барлығы 81,1 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынды, оның 67,2 млн теңге көлемінде айыппұлдар мемлекет пайдасына өндірілді.

«Ғарыш сапары»

Есепті кезеңде «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен жүзеге асырылған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 249 бейберекет қоқыс орындары анықталды. Қазіргі таңда 247 нүкте тазаланып (оның ішінде 2 нүкте қатты тұрмыстық қалдықтар орны),  97% құрады. Қалған 2 нүктеде тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, заңсыз бей-берекет қоқыс орындарына рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде, Түркістан облысының Отырар, Түлкібас, Сайрам, Сауран, Қазығұрт, Жетісай және Сарыағаш аудандарының ауылдық округ аумақтарында бей-берекет қоқыс орындары анықталып, жергілікті атқарушы орғандардың лауазымды өкілдеріне 11,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі таңда, облыс аумағында заңсыз бей-берекет қоқыс орындарын анықтау жұмыстары тұрақты түрде атқарылып, заңбұзушылық жасаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Түркістан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы.

Облыс аумағында экологиялық мәселелерді кешенді шешу және одан әрі жақсарту мақсатында Облыс әкімдігі жөне Министрлікпен 2024-2026 жылдарға арналған «Түркістан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі» Жол картасы бекітілді.

Аталған жол карта 5 тараудан тұрады және 27 іс-шараны қамтиды (1 Атмосфералық ауаны жақсарту бөлімі-9 іс-шара; 2. Көгалдандыру бөлімі-4 іс- шара; 3. Қалдықтарды басқару саласы-8 іс-шара; 4. Кәріздік тазалау ғимараттары- 2 іс-шара; 5. Тұлғалық дамубөлімі-4 іс-шара).

Бүгінгі күні 27 іс-шараның 17-ы орындалды, 6 іс-шара тұрақты түрде болса, қалған 4 іс-шара белгіленген мерзімдерінде орындалуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар.

Жыл басынан бері Департамент мониторинг, зерделеу және түсіндіру жұмыстары бойынша  255 материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде 3- бейберекет қоқыс орындары, 1 жер бүлдіру жағдайы, 2 ҚТҚ полигондарының өртенуі, 1 ҚТҚ полигонының жағдайы, 2 сарқынды судың жер бедеріне төгілуі бойынша,  9 –жариялым анықталды. Бұл бойынша түсіндірме жұмыстары мен шұғыл іс-әректтер жүргізілді.

 Хабар-like ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Ордабасы ауданында…
Толығырақ

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. «Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан…

ЖОҒАЛҒАН РУХТЫ АҢСАУ

Над страной моей родною, Встала Смерть. Андрей Белый Аяулым! Біз құл болып бара жатқан халықпыз. Алтын Орда ыдырағаннан…

Люданың хаты

Жәудір Нартай. Әңгіме Жиен сіңлім екеуміз қаланың ең шулы аудандарының бірінде орналасқан ескі жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрып…