ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

  «Түркістан облысындағы елді мекендерде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Арыс қаласында үш заманауи балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысандар Арбат аумағында, ШПЗ елді мекеніндегі Н.Ільясов көшесінің бойында және орталықтағы М.Жұмабаев көшесінде орнатылды. Әрбір ойын алаңы талапқа сай жабдықталған. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталған 10-нан астам ойын және дене шынықтыруға арналған элементтер орнатылған. Сонымен қатар алаң сәнді түнгі жарықшамдармен қамтылған. Бұл – бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі белсенді демалысына жасалған нақты мүмкіндік.
Жалпы, биыл Арыс қаласында 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Олардың 10-ы – қала аумағында, ал 7-еуі –ауылдық елді мекендерде орнатылды. Жобалардың барлығы заманауи талаптарға сәйкес жасалып, балалардың белсенді және қауіпсіз демалуына бағытталған.
Сонымен қатар қала орталығындағы А.Сүлейменов көшесі, Монтайтас және Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларын жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, аталған жобалар қала әкімінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген ұсыныстар негізінде жүзеге асуда.
П. Асан.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…