АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторымен бірлесе отырып, «Деструктивті діни ағымдардың алдын-алу» атты тақырыпта Жетісай ауданы «Нұғман» мешітінде әйел азаматтардың қатысуымен кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Перден және Жетісай ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Ж. Әмірханқызы қатысты.

Кездесуде бүгінгі қоғамдағы дінге қатысты мәселелер, ұлттық құндылықтар, дін ұстану мен салт-дәстүрдің маңыздылығы, дінге қатысты заңнамалар, діни әдебиеттерді оқу мен тарату, қыз балалар тәрбиесі мен оқу орындарындағы діни заттарды пайдаланудағы мәселелер қамтылып өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауап берілді.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер облысымыздың басқа да аудандарында ұйымдастырылып, әйел азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарға әйел ұстаздар мен мамандар жауап беретінін атап өтті.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Ол жылдар ұмытылмайды

Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болғалы ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданды, жаңаша даму үрдісіне ойыстық. Кеңес…

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…