Отырарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алу қауіптілігін түсіндіру мақсатында «Діннің негізгі құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Қайсар Мырзабай, Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков қатысты.

Аудандық білім бөліміне қарасты Ә.Байтанаев негізгі мектебі мен Жамбыл атындағы мектеп-лицейі және Ө.Жәнібеков атындағы №4 лцей-интернатында өткен жиында жастардың дұрыс діни дүниетанымын қалыптастыру, қауіпті идеологияларды ажырата білу қабілетін күшейту және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған ақпараттар айтылып, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық түсіндірме жүмыстары және қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға дінтанушы маман тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, жан-жақты түсіндірілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Ғалымжан Сарсеков қатысшуларға алғысын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

Түркістан облысы дін істері басқармасы.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…
Толығырақ

ШЕРТЕР АСПАБЫ

Сазды аспаптар, оның ішінде әсіресе көне аспаптар халықтың рухани қорын байытуда, музыка деген мәдениет әлемінде ерекше орын алады.…