«Ынтымақ-Түркістан» клубы дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысы дін істері басқармасының конференц-залында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма жанынан құрылған «Ынтымақ-Түркістан» клубы аясында «Дәстүрлі дін және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсіністік пен сыйластықты дамыту, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту. Сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Түркістан облысы дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдері, Орыс православ шіркеуінің өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Айдарбекова Фатима, Түркістан облысының бас имамы Төлепов Ержан Сматұлы, Шымкент және Түркістан епархиясының «Шіркеу және қоғаммен байланыс» жөніндегі бөлімінің басшысы Могилевский Александр Валерьевич, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы баяндама жасап, дәстүрлі діндердің қоғамдағы орны, рухани құндылықтарды сақтау, заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ діни радикализмнің алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар конфессияаралық келісімді сақтау, «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Түркістан облысы дін істері басқармасы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Арнайы курс ұйымдастырылды

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің мәжіліс залында «Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени және зиярат орындары…