Кез келген мемлекеттің басты байлығы бейбіт өмірғ құқықтық сауаттылығы мен тұрақтылық. Жаһандану дәуірінде ақпарат ағыны жылдам, көзқарас көп, бағыт сан алуан. Осындай ортада жастар мен қоғам мүшелерінің сана-сезімін улайтын жат идеологиялар белең алуда. Олар халықтың бірлігін бұзып, діни сенім мен ұлттық болмысты теріске шығаруға тырысатын, соның ішінде жат идеологиялар – халықтың діни сенімін бұрмалап, ұлттық бірлік пен тұтастыққа қауіп төндіретін күрделі құбылыс. Олар әсіресе жастар арасында кеңінен таралуға тырысады. Діни сауаттың жетіспеушілігі, әлеуметтік қиындықтар, дұрыс бағыт-бағдар беретін орта мен тұлғаның болмауы – теріс ағымдардың жолын ашып береді. Еліміз – зайырлы, көпұлтты және көпконфессиялы ел. Мұндай қоғамда түрлі сенім мен пікірдің қатар өмір сүруі – заңдылық. Алайда осы еркіндікті теріс пайдаланатын, ел ішіне іріткі салуға ұмтылатын жат идеологиялар – қазіргі заманның аса қауіпті сын-қатерлерінің бірі. Деструктивті идеология – бұл ұлттың дүниетанымы мен діліне, салт-санасына, тарихи және рухани болмысына қарсы бағытталған идеялар жиынтығы. Олар көбінесе діни, этникалық, саяси сипатта көрініс тауып, әсіресе жастардың санасын улауға тырысады. Ғаламтор кеңістігі, әлеуметтік желілер, түрлі чаттар осының бәрі теріс ағымдардың идеологиялық құралдарына айналып отыр. Мұндай топтар өз мақсаттарын іске асыру үшін халықтың діни сауатының төмендігін, әлеуметтік әлсіз тұстарын пайдаланады. Олар дін атын жамылып, дәстүрлі дінге қарсы шығып, мемлекет пен қоғамның тұтастығына нұқсан келтіруге әрекет етеді. Бұл ел бірлігіне, ұлттық қауіпсіздікке бағытталған тікелей қауіп. Әрбір азамат ел болашағына бей-жай қарамай, діни және ұлттық құндылықтарды қорғауға атсалысуы қажет. Жастардың бойында діни сауаттылық пен сындарлы көзқарас қалыптастыру ата-ана, ұстаз, мемлекет және дін қызметкерлерінің ортақ жауапкершілігі. Алайда деструктивті идеологияға тек заңмен қарсы тұру аз. Бұл жерде ең басты қорған ұлттық тәрбие мен діни сауаттылық. Жастар өз тарихын, дінін, дәстүрін дұрыс танып, діни ойлау қабілеті қалыптасса, ешбір теріс пиғылды ұйым оларды адастыра алмайды. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Бұндай идеологиялар көбінесе діни ұрандармен бүркеліп, ислам дініне қатысы бардай көрінеді. Алайда олардың ұстанымдары дәстүрлі Ислам дініне мүлде қайшы келеді. Олар қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға, мемлекеттің зайырлы құрылымын жоққа шығаруға, адамдарды заң мен тәртіпке қарсы қоюға ұмтылады.
Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, отанды сүю, бейбітшілік пен тыныштық басты мұратымыз, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кереғар діни ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуден шаршамайық. Негізгі әрбіріміздің білуіміз керек нәрсе, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. Ислам адам баласын бейбітшілік пен бірлікке тәрбиелейді. Сол себепті бізге берілген осындай ұлан-байтақ даланың еркіндігімен тыныштығын бірге сақтайық. Бейбіт елдің ең үлкен қаруы – бірлік пен білім. Сол себепті білімді де білікті азамат атанып, саналы да сапалы маман болып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне әр азамат атсалысайық. Деструктивті діни ағым – рухани тұтастықтың жауы. Ел тыныштығы – әр азаматтың жауапкершілігі. Сол себепті жат идеологияға қарсы иммунитет – ұлттық сана мен діни сауат арқылы ғана қалыптасады. Бірлігімізді бұзатын емес, бекітетін жолды таңдайық. Қорытындылай келе, Жат идеологияға қарсы ең мықты қару – рухани иммунитет пен ұлттық сана. Ел ішіндегі тыныштық пен татулықты сақтау – тек заңмен емес, ұрпақ тәрбиесімен, ұлттық болмысты қадірлеумен жүзеге асады. Олай болса, елдің амандығы мен болашағы үшін бірлікті сақтап, жат ағымдарға жол бермейік!
Ерсұлтан Ештай, Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу оратылығы» КММ теолог маманы.