Созақта 16 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылында жаңа тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа тұрғын үй аудандағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында салынды. Пәтерлер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Инженерлік желілермен толық қамтылған. Ауласы қоршалып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. Сыртқы қасбеті металлопанельмен қапталып, талаптарға сай әрленген.

«Жеткіншек» шағын ауданында бой көтерген 2 қабатты тұрғын үйде 16 пәтер бар. Бұл пәтерлердің кілттері апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына табысталды.

Сонымен қатар «КАTКО» БК ЖШС-нің қаржы жөніндегі директоры Алмас Жанқабыл сөз алып, компанияның әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Тұрғын үйдің құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компаниялары – «КАTКО» БК ЖШС және «Қазатомпром-Сауран» тарапынан қаржыландырылды.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов әлеуметтік маңызы жоғары жобаның аудан дамуына қосар үлесін атап өтті. Ұлттық компания өңірдегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қолдауды алдағы уақытта да жалғастыратынын айтты.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа қоныс иелерін қуанышты сәтпен құттықтады.

– Апатты үйлердің мәселесін шешу – басты міндеттеріміздің бірі. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл жобаны жаңғырту бағдарламасына енгіздік. Қаржы көзін анықтау үшін Қазатомөнеркәсіп компанияларымен келіссөздер жүргіздік. Жобаның іске асуына қолдау көрсеткен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына, «КАТКО» және «Қазатомпром-Сауран» басшыларына аудан жұртшылығы атынан алғыс айтамын. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! – деді аудан басшысы.

П.Айдын.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әрбір этнос – біздің байлығымыз

Толерантты Қазақстанда әрбір этнос өкілінің құқығы назардан тыс қалмаған. Түрістан облысындағы Татарлардың қазақ халқымен байланыс тамыры тереңде. Арыс…
Толығырақ

Түркістан облысында балалардың құқығын қорғау, білім сапасын көтеру бағытында цифрлық технологиялар енгізілуде

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың арасындағы келеңсіз жағдайларды алдын алу жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда өзекті мәселелер сараланып, жан-жақты…
Толығырақ

Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тікелей эфирі өтеді. Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп…
Толығырақ

Кибербуллингтің кері әсері

Кибербуллинг дегеніміз – интернет кеңістігінде біреуге әдейі психологиялық қысым көрсету, кемсіту, қорқыту немесе мазасын алу әрекеттері. Бұл –…