Үшемдерге жаңа үйдің кілттері табысталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы Шардара ауданында ел мерейін асырған тағылымды іс-шара өтті. Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар және Оңайовтар отбасыларына жаңа пәтер кілті тапсырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен демеушілер есебінен әр отбасына 3 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Ал мереке қарсаңында аудан әкімінің бастамасымен Шардара қаласындағы

Ж. Қолдасов көшесінде орналасқан, заман талабына сай салынған жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Қарсыбаев сөз сөйлеп, көпбалалы отбасыларды қолдау – тәуелсіз мемлекет саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев құттықтау лебізін білдіріп, үшемдердің аман-есен өсіп, ел игілігі жолында қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестігін жеткізді.

Қуанышы қойнына сыймаған қос шаңырақ иелері аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын білдірді. Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаражаты есебінен салынған.

Тәуелсіз елдің әрбір сәбиі – жарқын болашақтың кепілі!

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әрбір этнос – біздің байлығымыз

Толерантты Қазақстанда әрбір этнос өкілінің құқығы назардан тыс қалмаған. Түрістан облысындағы Татарлардың қазақ халқымен байланыс тамыры тереңде. Арыс…
Толығырақ

Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тікелей эфирі өтеді. Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп…
Толығырақ

Кибербуллингтің кері әсері

Кибербуллинг дегеніміз – интернет кеңістігінде біреуге әдейі психологиялық қысым көрсету, кемсіту, қорқыту немесе мазасын алу әрекеттері. Бұл –…