«Толерантты еліміз бейбітшілік пен татулықтың мекені. Этносаралық татулықтың мәні – адамдар арасындағы өзара құрмет, тсіністік және сенім. Әр халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне сыйластықпен қарау – бейбіт өмірдің кепілі» дейді Арыс қалалық Иран Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусейн Хасанұлы.
Достық пен татулықты насихаттап, қалыптастыруда білім беру ұяларының орны ерекше. В.Комаров атындағы мектебі — Түркістан облысы Арыс қаласындағы жалғыз этнос жастары білім алатын жалғы білім ұясы. Ширек ғассырдан астар тарихы бар мектепте 20-ға жуық этнос жастары білім алады. Бүгінде олар ана тілдерімен қоса мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақ тілінде сөйлейтіндері көп.
Аталмыш мектепті ұзақ жылдар бойы басқарған Ранджибари Хусейн Хасанұлы саналы ғұмырының 40 жылдан астамын ұстаздық қызметке арнады. Ал оның 25 жылға жуығын түрлі этнос өкілдері оқитын мектептің директоры қызметін атқарды. Қазірде ұстаздық жұмысын жалғастырып келеді.
Қазақстандағы этностар арасындағы ынтымақ пен достықты нығайту ісінде Иран Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Ранджибари Хусейн Хасанұлының еңбегі ерекше. Ол елдегі түрлі этностар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды дамытуды басты мақсат етіп қойған.
Бірлестік мүшелері Иран мен Әзірбайжан халықтарының мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық дәстүрлер мен тілдерді сақтау бағытында белсенді жұмыс атқарады. Сонымен қатар, қоғамдық іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына және жастар арасындағы ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттауға ерекше көңіл бөледі.
Оның бастамасымен өткізілетін мәдени-көркем бағдарламалар этностар арасындағы татулықты, бірлікті және өзара құрметті нығайтуға зор үлес қосып келеді. Оның қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-міндеттерімен үндес, елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған.
«– Біздің этномәдени бірлестігіміз еліміздегі бірлік пен ынтымақтың нығаюына, тұрақтылықтың сақталуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда еліміздегі әрбір этностың өз тілі мен салт-дәстүрін ұмытпай, өскелең ұрпаққа үйретуге мүмкіндігі болғаны – үлкен жетістік. Біз осыны өзіміздің этномәдени бірлестігімізде жүзеге асырамыз»-дейді бірлестік төрағасы .
Жұлдыз Өтегенова
Журналист, ҚХА мүшесі