«АДАЛ АЗАМАТ» САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе аудан, қалаларда ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізуде.

Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова,, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, сондай-ақ аудан, қала прокурорлары мен аудандық білім бөлімінің басшылары бар.

Осы орайда, бүгін Сауран ауданындағы аумақтық басқармалар үйінде ақпараттық-насихаттық топ өкілдері аудан тұрғындарымен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және ассамблея жастарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы м.у.а. Марат Қалеке модераторлық етті.

Жиын барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.

Кездесуде облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, аудандық прокуратураның аға прокуроры Нұрлыбек Темірбаев, Сауран аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрсұлтан Сәрсенов қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Ерназар Баетов жастарды ел болашағы жолында жауапты, парасатты және адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…

654 заң бұзушылықтар жойылған

Түрістан облысы, Бәйдібек аудандық прокуратурасы ағымдағы жылдың 6 айында ауқымды жұмыстар атқарған. Атап айтқанда заңдылықтың бұзылуының алдын алу…