Әкелер мектебінің ауқымды тірлігі

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебі» әлеуметтік, құқықтықұ, рухани мәдениет саласында ауқымды тірліктер атқарып келеді.

Әкелер мектебінің мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың рөлін арттыру. Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру.

Бұл құрылым аудандық, қалалық ардагерлер кеңестерінің жанында және бірқатар оқу орындарында құрылған. Нәтижелі жұмыстардың арқасында бүгінге дейін «Әкелер мектебінің» жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық, оның ережесі дайындалып, таратылды. «Ұрпақ. Ұждан. Тағылым» және «Әкелер мектебі — салт-дәстүрдің сабағы, жаңа өмір талабы» атты танымдық кітаптар шығарылды.

Облыстағы кейбір автотрассаның бойында «Әкешім аман болыңыз!», «Әке асықпаңыз!» атты бильбордтар ілінді.

Бірнеше форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, түрлі кездесулер өткізіліп, БАҚ-да мақалалар мен астам естеліктер жарияланды.

Осындай жұмыстардың нәтижесі облыста жастар арасындағы тәлім-тәрбие олқылықтарын, құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын алу, оның азаюына септігін тигізуде.

«Әкелер мектебінің» жұмысын дамыту негіздерін қалыптастыру бағытында оқу жылдарына арналған топтасқан сыныптар үшін әртүрлі бағыттағы тәрбиелік тақырыптарды қамти отыра «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстарды даярлау, жүргізу және жандандыру үшін ең алдымен оны ғылыми, жалпы және этнопедагогикалық, педагогикалық қағидаттардың негізінде жүргізу назарға алынды.

«Әкелер мектебінің» жұмысын тек ғылыми тұрғыдан емес құқықтық, жүйелік сипаттарын арттыру мақсатында, көптің көкейінде көптен жүрген ұлттық тәрбие туралы танымдық жұмыстары жүргізілді. Соның бірі осы аталған әдістемелік нұсқаулық, оның іс-жоспары дайындалып, тәрбиелік-методикалық тақырыптардың өзара сабақтастығы мен таңдау мүмкіндігі бар 2 түрлі нұсқада, атап айтқанда: Жеке әрбір сынып бойынша; Жас ерекшеліктері мен топтастырған (1-4 сынып, 5-8 сынып, 9-11 сынып) сыныптар бойынша ұсынылды. Олардағы қамтылған тақырыптардың негізіне «Қазақ елі тарихы», «Ата-баба дәстүрі әдептілік», «Абайдың қара сөздері», «Тәуелсіз елім – Қазақстан» т.б ұлттық тарихи сана негіздері мен ұлттық құндылықтар алынды. Оны жүзеге асырудың жолдарында Ұлт ұстаздары санатындағы А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың т.б тұлғалардың педагогикалық ойлары мен пікірлері және Қазақстандағы мемлекет құрушы қазақ ұлты мен мемлекет құрушы халықтардың тәлім-тәрбиесі бағытындағы тәжірибелері, данышпандық ойлары ескерілді.

Жалпы, жүзге жуық әртүрлі бағыттағы тәрбиелік тақырыптар қамтылды. Бұл нұсқаулық, еңбектер осымен деңгейіне жетті дегенді білдірмейді. Бүгінгі күнге дейінгі қол жеткен жобалық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың отырыстарында үнемі қарастырылып, жетілдіріле беретін болады. Бүгінде «Әкелер мектебінің» жұмыс бағдарламасы даму үстінде.

Енді жоғарыдағы аталған әдістемелік нұсқаулықтың теориялық жағын ғылыммен ұштастырып, оны сол тұрғыда зерделей отырып қорытындылануы қажеттігі туындауда.

Тәлім-тәрбие қәзіргі қоғамның мақсат мүддесімен үйлесімдік тапса, оның құндылығы сонда. Осы тұрғыда, оқу-тәрбие саласындағы білікті ұстаздардың, мамандардың, аға буын өкілдерінің және студенттер мен оқушылардың «Әкелер мектебі» жөнінде, оған қатысты «Әдістемелік нұсқаулық» туралы пікірлерін білуге бағытталған сауалнама ұйымдастырылды. Бұл жұмыс облыстың барлық аудан, қалаларында аталған респонденттердің қатысуымен жүргізілді.

Сауалнамаға байырғы ұстаздар, ата-аналар мен ардагерлер, оқушылар мен студенттер,  мұғалімдер, түрлі мамандық иелері қатысты. Нәтижесінде, сауалнама қорытындысы бойынша респондеттердің 90%-дан астамы   оң бағалап, оны қолдады.

Оны жетілдіру әрі ғылыммен ұштастыру мақсатында, алдын-ала келісім бойынша базалық – іргелік жоғарғы оқу орны ретінде Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетімен   (ректоры — Г.Сүгірбаева) бірлесе жұмыс жүргізілуде.

«Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаева бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы суицид, кибербуллинг мәселесіне Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ерекше мән беретінін атап өткен болатын. Қоғам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі – ұлттық және материалдық құндылықтар екендігі белгілі. Ал, Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар жүйесі ел Президентінің еңбектерінде тұжырымды түрде айтылған.

Соның бірі, Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құратындығын және оларды мемлекет әрдайым қолдайтындығына баса назар аударған болатын. Сол жиында Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл ең алдымен үлкендердің кінәсі екендігі айтылды.

Уақыт талабына қарай, жаһандану кезінде өз ұрпағымыздың ұлттық бейнесін сақтап қалу үшін ізденіс қажет. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіне байланысты атқарылатын жұмыстар өзекті әрі маңызды. Осы орайда, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру –  еліміздегі ардагерлер ұйымдарының басты мәселесі болып қала береді.

Сондықтан, алдағы уақытта нұсқаулықтағы тақырыптарға ғылыми баға беріліп, «Ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы ұлттық және адами құндылықтары бойынша тақырыптар зерделеніп, оның оқу орнында пайдалану тетіктерінің мүмкіндіктері бағамдалады деп күтілуде.

А. Аибар.

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ ауқымды жұмыстар атқаруда

Елімізде кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік әріптестікті дамытуда, өндірістік тұрақтылықты сақтауда, еңбек қатынастарын әділ реттеуде және еңбеккерлердің лайықты жағдайын қамтамасыз…