Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді

Түркістан олысы, Сауран ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімі тұрақты жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі  «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған.

Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы қаулысымен  «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы құрылған.  Оның мақсаты зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту.

Бүгінде Сауран ауданында жеті мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Орталықта күнделікті  20-25 зейнеткер тиісті қызметтерін алады. Орталықта әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс, әлеуметтік-педагогикалық қызметтер ұйымдастырылады.

Ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров орталықтың тыныс-тіршілігін, қызмет алушы зейнеткерлермен сұхбаттасып, қарияларымыздың қажеттіліктері мен ниет тілектерін тыңдап, өтініштерін орындап отырады.

Бұл орталық жылдың әрбір атаулы мерекесін ұмыт қалдырмайды. Сонымен қатар қарияларымыздың мүддесі үшін түрлі іс шаралар өткізіп тұруды тұрақты түрде қолға алған.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталық қызмет алушылары арасында «Шахмат королі» атты шахматтан жарыс, «Зорлық-зомбылықсыз жарқын өмір» тақырыбында тренинг және «Ене мен келін» арасындағы қарым- қатынасты нығайту мақсатында дөңгелек үстел өткізген.

«Ауғанның асуында от кешкендер» атты іс-шарада Ауған соғысының ардагерлері бастан кешкен оқиғаларын баяндап, өлеңдер оқып, сұрақтар қойылған. Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен концерттік бағдарлама қойылып, арнайы дайындалған ақ-дастарханнан дәм тәтті.

Ал Алғыс айту күнінде орталықта «Қарым қатынасты нығайту» атты психологиялық тренингі өткізілді. «Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде әжелер мен аналарымызға концерттык бағдарлама қойлып құттықтау сөздері айтылды. Сондай-ақ, Наурыз меркесінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтар арасында арқан тарту, асық ойнау, аударыспақ, бесікке салу, тұсау кесер ұлттық ойындар мен салт дәстүрлер дәріптеліп, қонцерттік бағдарламамен ұласты.

Орталықта «Жеңіс күні», «Аналар күні», «Әкелер күні» секілді мерекелер атаусыз қалмайды.

Сондай-ақ құқықтық, экономикалық, психологиялық және т.б кеңес беру мақсатында Ашық есік күндері өтіп тұрады.

 Хабар-like

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Адасқанның айыбы жоқ…

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты кез келген адамның заңға бағынуын және сол арқылы заң талаптарын қатаң…
Толығырақ

Түркістанның өнімі көпке танымал

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары еліміз біршама қиындыққа ұшырағаны рас. Экономикамыз құлдырап, ауылдар тозып, халық қалаға шұбырып, қолына ілінгенін…