Әлеуметтік қызметтер порталындағы сапаны бақылау және алаяқтықтың алдын алу үшін маңызды хабарлама

Әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) — мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың техникалық құралдары мен әлеуметтік қызметтерді ыңғайлы форматта алу мүмкіндігін беретін цифрлық платформа.

Соңғы уақытта порталда сыныптауыш талаптарына сай келмейтін тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ күмәнді ұсыныстар анықталуда. Азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында төмендегі ақпаратты назарға ұсынамыз:

Сапасы талапқа сай келмейтін тауарлар мен қызметтер

Кейбір жеткізушілер стандартқа сай келмейтін өнім ұсынуда. Бұл азаматтардың қажеттілігін толық қамтамасыз етпеуге және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелуі мүмкін.

Алаяқтық белгілері бар жағдайлар

Келесі күмәнді әрекеттерге назар аударыңыз:

  • нарықтағы бағадан тым қымбат немесе керісінше өте арзан ұсыныстар;
  • жалған сипаттамалар беру;
  • жеткізу мерзімдерін қасақана созу;
  • келісімшарт талаптарын орындамау;
  • жеке деректерді заңсыз пайдалану.

Күмәнді жағдайларды байқасаңыз, дереу уәкілетті органға немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Тараптардың жауапкершілігі

Жеткізушілер — бекітілген талаптарды сақтау, сапалы өнім ұсыну, жалған ақпарат бермеу.

Азаматтар — порталдағы ақпаратты мұқият зерделеу, күмәнді ұсыныстар туралы Комиссияға хабарлау, тек ресми арналарды пайдалану.

Талап бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар:

  • жеткізушіні порталдан шектеу немесе толық алып тастау;
  • шартты бұзу;
  • әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Әр азаматтың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау — басты мақсат. Сапасыз немесе күмәнді ұсыныстарды көрсеңіз, бірден хабарлаңыз.

Түркістан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…
Толығырақ

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен…
Толығырақ

Түркістан облысының делегациясы қытай еліне жұмыс сапарымен барып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады

Түркістан облысына қарасты аудан және қала өкілдері шет мемлекеттерге іссапарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде. Ордабасы ауданының әкімі…